Алтын-Емел ұлттық паркі аумағында ілбіс камераға түсіп қалды
Фото: Алтын-Емел
«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкері сирек кездесетін қар барысын видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Алтын-Емел» өкілдерінің дерегіне сәйкес мемлекеттік инспектор Ерлан Молдахметов кезекті аумақты бақылау кезінде қар барысын (ілбіс) видеоға түсіріп үлгерген.
“Бұл – сирек кездесетін әрі аса құнды кадрлардың бірі. Қар барысы – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жыртқыш аң, оның табиғи ортада еркін жүріп-тұруы экожүйенің тұрақтылығы мен қорғалуының маңызды көрсеткіші”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ бұл аталған дерек ұлттық парк аумағында жүргізіліп жатқан табиғатты қорғау және биологиялық әртүрлілікті сақтау жұмыстарының нәтижесін айғақтайтынын жеткізді.
Пікірлер (0)