Amanat партиясының қос депутаты маған қол көтеріп, адымымды аңдып күн көрсетпей жатыр: Қордайлық қыз (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 62
news

коллаж kyn.kz

Әсел Бақытқызы Kyn.kz  редакциясына  Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай округінде  «Amanat» партиясының мәсілихат депутаттарынан  қорлық көррдім деп, көз жасына ерік бере отырып баяндап берді. Сөзінше ол өңірде заң жұмыс істемейді, қарапайым тұрғындардың құқығы қорғалмайды. Учаскелік полициядан бастап дөкейдің, шендінің шабарманына айналған. Әсел Бақытқызы  өзіне қатысты заңсыздық пен әлімжетікті облыс деңгейінде дәлелдей алмай әлекке түскенін айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.

«Осылай халық алдына шығып шағым айтуыма Қордай ауданындағы лауазымды адамдардың қарапайым адамның Конституциялық құқықтарын өрескел бұзып зәбір көрсетуі себеп болды. Атап айтар болсам «Amanat» партиясының мәслихат  депутаты  Мақсат  Сарманов  Талғатұлы мені округіміздегі ХҚКО ескі ғимараты алдында телефонымен ұрмақшы болды. Күш жұмсады, оны бірнеше қызметкері көрді.

Қазір ешқайсысы бастығына қарсы куә болғысы келмей отыр. Орталықтағы барлық камералардан сол сәттің видеосын өшіріп тастаған. Сол жерде учаскелік полиция шақырып едім, олар 1414-ке хабарласыңыз деді. Қазіргі күні Сарманов Мақсат әр қадамымды аңдиды, адам жіберіп «не үшін жүргенімді» анықтатады. Олар Қордайдың Құдайы, оларға заң жоқ. Учаскелік полициядан бастап барлығы дөкейдің шабарманы, жай тұрғын оларға адам емес»,-дейді қордайлық әйел Әсел  Бақытқызы.

Қордай тұрғыны мен мәслихат депутаты арасындағы дау 2023 жылы басталған. Оған  Жамбыл облысы,  Қордай ауданы,Қордай округіндегі  (Мақсат  Сарманов Қордай округі ХҚКО басшысы) ХҚКО болған жағдай себеп болыпты.

«Мен egov арқылы өтініш жазып қырғыз нөмірлі көлігімді легализациямен тіркеуге қоймақшы болдым.  Онлайн рұқсаттан кейін ХҚКО-на бардым. Онда маман  Дәурен Шүкірбаев келген жұмысымды тыңдап, «100 мың берсеңіз өзім жүгіріп, дайын құжатты қолыңызға ұстатамын» деді. Мен «бұл заңды ма?» деп сұрадым. Ол заңды деді. Ақшам жоғын, болғанда хабарласатынымды айтып үйіме кеттім. Міне сол сәттен бастап ол  «тәте қанша бар? Барыңызды береберіңіз жұм ысты жасайберейін» деп күнде өзі жазды. Бәрі заң аясында деді. Барып 40 мың бердім. «База істемей тұр, түбіртекті телефоныңызға электронды нұсқада жіберемін» деді. Ақыр соңы не құжат, не түбіртек, не ақша жоқ болды.

Ақырында ХҚКО басшысына осы мәселені айтып бардым.  Сарманов жұмыс кабинетіне мені кіргізбей өз қызметкері Шүкірбаевты кіргізіп есікті тарс жауып алды. Мен әрине оған дейін Шүкірбаевтан ақшамды талап еттім. Ол өзі маған телефоныма ашық түрде аудио және жазбаша түрде « Жұмыста 2 мың алсам 1 мыңын  Сармановтың кабинетіндегі тартпаға саламын. Ол 2018 жылы жұмысқа орналасқанымда ақша сұрады» деген көптеген депутаттың қылмысы жайлы ақпарат берді. Ақыр соңы  Шүкірбаев ондаған адамның ақшасын алғаны үшін сотталды. Сол сотта оның маған бастығы жайлы жазғандары айғақ ретінде пайдаланылмады. Құқық қоғау қызметкерлеріне бәрін бердім, олар оны іске қоспады. Сот Шүкірбаевқа  3 жыл, 6 ай шартты жаза кесті. Дәл сол ХҚКО тағы бір қызметкері осындай әрекеті үшін сотталды.»,-дейді Әсел бақытқызы.

Әсел Бақытқызы ХҚКО басшысынан қызметкеріне қатысты мәселені шеше алмағандықтан 1414 арқылы қызметтік тексеру шақырған. Сол тексерудің нәтижесі бойынша  «Шүкірбаев Дәурен Әсел Бақытқызының бұрыннан танысы. 40 мың теңгені жеке қарым-қатынас деңгейінде қарызға алған»деген ұйғарым жасаған. Соның артынша Шүкірбаев өз еркімен ХҚКО жұмысынан кетіпті. Сарманов Мақсатқа қатаң ескерту беріпті.

«Осы жағдайлардан кейін Сарманов мәслихат депутаты болды. Мен жағдайға байланысты ішім ызаға толып, ашуда жүрдім. Қазір ХҚКО барсам басқа мәселе бойынша, оның қызметкерлері «Алдымен бастыққа кіріп шығыңызшы» дейді. Менің бір шаруам бітпейді. Оның адамдары мені аңдып жүреді. Ақыр соңы полиция мен басшылардан әділдік таппай Tik-Tok желісіне бар шындықты айтып видео жүктедім.

Енді мені «Ар-намысыма тиді, қадір-қасиетімді қорлады» деген бап бойынша Сарманов сотқа берді. 2 млн теңге моральдық шығын сұрап, кешірім сұрауымды, видеоны өшіруімді талап етіп отыр. Менрің видеома сот сараптама жасады. Қорытындысында О мен ешкімге жала жаппағаным, тіл тигізбегенім айтылған. Жамбыл облысында осы мәселе бойынша әділдік таппадым. Президентіміз, Amanat партиясы төрағасы, корупцияғы қарсы қызмет басшылары жағдайды зерттесе екен деймін»,-дейді Қордай тұрғыны.

 Әсел Бақытқызы мен Қордай округі Amanat партиясы мәслихаты төрағасы  Садықов Нүрдін арасындағы даудың шығу себебі.

«Мен анам мен 2024 жылдың мамырында өз округіміздегі  «Тайм аут» деп аталатын кафеге тамақтануға бардым. Онда даяршылар дұрыс қызмет кеөрсетпеді. Ыдыстар кір, нан салынған себет астындағы майлықтар пайдаланылған. Ыдыста қызанақ қабықтары болды. Содан берген тамағын жеп, қызметке төлемейтінімді айттым. Өйткені ауыстыруды, жағдайды жөндеуді даяршыға айтып істете алмадық. Солай тамқ ақысын ғана төлеп шығып кеттім. Кафе әкімшісі келіп «Адам көп, түс уақыты, ұнамаса кетіңіз» деді. Біз шығып кеттік.

Араңа апта салып  31 мамыр күні үйдегі құрылыс жұмысшыларына өзіммен бірге екі адамға палау алу үшін тағы сол кафеге амалсыздан бардым. Округ кішкентай, сол жерде ғана жақын кафе болды. 10 жастағы сіңліме 5 мың беріп, екі тамақ әкелуге жібердім. Өзім көлікте үй киіммен отырдым. Кафе әкімшісі сіңлімді танып,  ақшасын алып тамақ та, чек те бермей «сендер өткенде қызмет ақысын төлемедіңдер. Әпкеңмен қосып одайсыңдар-мұндайсыңдар» деп баланы жылатып қуып жіберген. Киімім кір болғандықтан сыртта тұрып кафе әкімшісіне қоңырау шалдым, ол «Это меня не волнует» деп тұтқаны қоясалды. Кіріп сол жерде ақшамды даулап 40 минут тұрдым. Қарасам кафенің құрылыс жүріп жатқан жағында депутат Садықов тұр екен.

Осы кафе соған тиесілі екенін білемін. Әкімшісіне шара қолдансын деген ниетте жағдайды баяндай бастадым. Ол бірден « Заткнись, закрой рот, иначе  ты об этом  пожалеешь» деп ауызымды жаппақ болды. Мен оған «Мәселені шешіңіз немесе қазір бәрін түсіріп интернетке саламын» дедім. Айтқаным сол екен, жетіп келіп мойынымнан қысып денемді дуалға тақап, екінші қолымен менің қолымды қысып алды. Маңдайын шекеме тақап тістеніп тұрып сөйледі. Денемді арқамдағы ұстынға ауыртып тұрып итеріп тұрды. Жібер дегеміме құлақ аспады. Кафедегілердің бәрі жағдайды көрді. 10 жасар сіңлім шошып, айқайлап жылады. Мен де ызаланып жылап, сіңлімді алып үйге қайттым. Бұл мені және баланы қорлау ғой? Ашумен көрсетемін деп кеттім.

Түнгі 12 шамасында учаскелік полиция хабарласып, оның үстінен арыз жазбауымды айтты.

Полиция қолында билігі бар, бай адамның сөзін сөйлеп тұрғанда менің құқығымды ешкім қорғамайды деген тоқтамға келдім. Ешкімге үн қатпай Тұтынушы құқығын қорғау ұйымына жағдайды айттым. Олар СЭС мамандарын жіберген. 14 заттан сынама алған мамандар 4 заттан қауіпті ішек инфекциясын тауып, айыппұл салды оларға.

Ішіме сыймай жатқан әділетсіздікті Тик-Ток желісіне жүктедім. Енді «ар-намысым, қадір-қасиетім» қорланды деп садықов та мен сотқа беріп отыр. Талабы кешірім сұрату, видеоны өшірту, 2 млн моральдық шығын төлету.

Жамбыл облысы бойынша Amanat  партиясының төрағасы  Бейсенқұловқа да бірнеше рет барып жағдайды, болған әділетсіздікті айттым. Ол кісі де мендегі дәлелдерді керек қылмады.

 Қордай ауданы бойынша Amanat  партиясының төрағасы   Жамангөзовке де бардым. Ол партияластары Сарманов пен Садықовтың сөзін сөйлеп, қайта меннен қорғаштағандай көрінді. Ол мен берген айғақтарды қарап, олардың кінәсі дәлелденбеді деген жауап берді.

 Бар мақсатым президентіміз, партияның төрағасы Ерлан Жақанұлы  білсе екен деймін. Халық мәселесін шешу үшін сайланғандар, қарапайым жұрттың құқығын таптап, қалауынша жаншып езуде»,-деді Әсел Бақытқызы.

Kyn.kz  тілшісі Әсел Бақытқызының шағымынан кейін қос депутатқа хабарласып, мәселеге қатысты олардың пікірін білген еді.

« Ия, ол кісінің мәселесін білеміз. Ол түрлі мекемелерге барып ақша бопсалап үйренген. Осыған дейін жоспары болды, қазір арам пиғылы іске аспай отыр. Мен ол кісінің үстінен сотқа бір шағып, полицияға бір арыз жаздым. Өйткені ол менің ар-намысыма тиді, жемқорлық бойынша қаралап жатыр. Шүкірбаевтың ісі бойынша олардың арасында қарыз алмасу болған Дәурен Шүкірбаев бізде істеді. Сотталғаны да рас.

Бірақ ол процесс біздегі жұмыстан кеткеннен кеін басталған. Ол адамдарға үй алып беруге көмектесемін деп ақша жинаған көрінеді. Сол себепті оның ХҚКО еш қатысы жоқ. Болмаса мені тергеуге алатын еді заң бойынша. Үй алу ХҚКО еш қатысы жоқ. Бізді ішкі қызметтік қаіпсіздік қызметі(СБ) тексерді. Сол кезде Дәуреннің ақша алғаны жеке таныстық бойынша екені анықталып, ол өз еркімен жұмыстан кетті. Маған ескерту бергені де орынсыздау болды. Айыбым жоқ ол жерде. Әсел Бақытқызын ұрған емеспін. Сол сәттің видеосы өзіме де керек болды. Бірақ себебі түсініксіз, сол видеолар жоқ. Ол кезде ескі кеңседе едік. Кейіннен жаңа ғимаратқа көштік. Полицияда сол сәттің видеосын іздеді.

Өшіп кеткен ба жоқ. Өзіме де сол видео қатты керек болды. Әселге  балағат сөз айтқан емеспін. Заң аясында дауысымды көтеріп, қаратып сөйлеген шығармын. Бірақ, ұрысу, балағаттау деген болған емес. Әселмен бұрын бір көшеде тұрғанбыз, «неге өзіме келмедің?» деп қазақи қатынаспен, ренжіп сұрағаным бар. Мен ұрсам ізі бойынша дәлел дайындап қоятын еді деп ойлаймын. Сондықтан мұның бәрі тек жала. Сотта сұраған 2 млн теңгені өзіме емес, балалар үйіне аудартуды бірден айтқанмын.»,-деді Мақсат Сарманов.

Ал екінші депутат Нүрдін Есенгелдіұлы барлығы заң аясында шешілетінін айтты.

«Жай ғана Тик-Ток парақшасына кіріп, сол видеоның астындағы пікірді оқыңызшы. Содан ақ ол кісінің қандай адам екенін білесіз. Мен жайлы не деп жатыр, ол жайлы не жазылған оқып көріңіз. Ол айтқандай жұмысшыларыма, туыстарыма ешқандай пікір қалдырмаңдар деп айтқанмын. Пікір білдіргендерді өзім жеке танымаймын да. Мен жаман адам болсам бүкіл Қордай айтатын еді. Мен депутаттыққа дейін кәсіппен айналысқанмын. Қазір кәсібімді отбасым басқарады. Өмірімде біреумен соттасқан жан емеспін. Бұл кісі басыма бәле болды.

Амал жоқ сотқа бердім. Қайда жазса да өз құқығы. Оны тек сыртынан танимын. Төбелес болған болса ол дене жарақатын қағаз жүзінде тәркілейтін еді. Полицияға арыз жазатын еді. Оны істемеді ғой? 1 ай өткенде арыз жазып отыр. 5 мың теңгесін бергіздім. Тамағын бергіздім. Тағы тамақ сұраса тағы беріңдер дедім әкімшілерге. Әкімшілер ақшасын алмадық, тамағын да бердік деді. Оған кафе ұнамаса неге қайта-қайта келеді.

Мүлде түсінбедім. СЭС-ке берді, олар тексеріп айыппұлын салды. Ақыр соңында өзімді қоғап сотқа бердім. Тик-токта ойына келгенді видеоға жазуда. Менің әке-шешем, бала-шағам бар. Енді қалғанын заң бойынша анықтайық дедім. Басқа мен не істеймін. Ол кісі тек бәле іздеп жүр. Керек десе сотқа да бармаймын. Екі қорғаушым барады.»,-дейді  Нүрдін Есенгелдіұлы.

Әсел Бақытқызы алдымен толық видеоны ОСЫ жерге жүктеген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *