"Анаң рұқсатын берді ме?": Say Mo-ның экс-күйеуі Серік Шәріп сүйіктісін көрсетті

Жаңалықтар
view 403
news

Сурет: ашық дереккөзден

Халыққа Shakenti лақап атымен танымал болған актер Серік Шәріп жуырда шаңырақ көтермек, деп хабарлайды Janabastau.kz.

Айта кетейік, Серік Шәріп сүйіктісінің аккаунтын белгілеп, оқырмандарына көрсетті. 

“Мен сені сүйемін! Туған күніңмен!" – деп жазды актер.

Еске салсақ, 2020 жылы актер Шәріп Серік пен әнші, рэпер Say Mo некесін қиған. Алайда көп ұзамай ажырасып кетті. Себебін актер бүкпесіз айтып берген еді. 

“Арамыздағы бітпейтін жанжалдардан кейін ажырасамын деп шешім қабылдадым. Біраз нәрсе айтты, ол менің намысыма тиді. Мені барлық жерден бұғаттап тастады. Қой десем қоймай, посттарды бірінен соң бірін жаза берді. Менің жүйкем жұқарып, талып қалдым. Көзімді ашсам, реонимобильде жатырмын. Микроинсульт алған екенмін. Оң жақ бетім тартып қалды. Содан ұйықтай алмадым. Ұйықтататын дәрі берді, сонда да ұйықтамадым", — деген еді Серік Шәріп. 

Желі қолданушылары сүйікті жұбына бақыт тілеп, енді қате қадам баспасын деп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 

“Екі жас бақытты болсын!”, “Say Mo-ны айта бермеңдерші”, “Мамаң мақұлдап, келісімін берді ме?”, “Ене мен келін айқасы тағы басталып жүрмесін”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *