«Ақ жайманы алып шығып, қанын көріп қуанады»: қыз алып қашудағы әжелерді де жазалау ұсынылды (ВИДЕО)
Фотосурет: YouTube.com
Әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашу оқиғасына қатысты Бас прокуратураға үндеу жолдады. Ол күдіктінің туыс-туғандарының да әрекетіне құқықтық баға беруді талап етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, мұндай жағдайларда тек бір адамның емес, оқиғаны қолдап, жөн-жосықсыз әрекеттерге жол беретін айналаның да жауапкершілігі қаралуға тиіс. Ол әсіресе үлкендердің «дәстүр» деген желеумен зорлыққа көз жұма қарауын қатаң сынға алды.
Біздің ақ жаулықты аналарымыз, әжелеріміз, сіңлілеріміз ақ төсекті салып, зорлықпен сол жерге жатқызып, барлық іс біткеннен кейін ақ жайманы алып шығып, қанын көріп, өздері тойлап, жуып, қуанады. Бұның арты қылмыстық іске ұласып отыр. Бас прокурор Берік Асылов мырзаға үндеуім: сексен-тоқсанға келсе де сол ақ жаулықты аналарымызды жауапқа тартуды талап етемін, – деді Меруерт Түсіпбаева.
Еске сала кетсек, аталған оқиғаға қатысты жәбірленуші басынан өткен оқиғаны толық айтып берген болатын. Қазір кәмелетке толмаған қызды алып қашты деген күдікті ұсталған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 125-1-бабы («Некеге мәжбүрлеу») бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.
Пікірлер (0)