Ақмола облысында 47 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды
Фото: Ашық дереккөзден
Аршалы кентінде 47 отбасы көптен күткен баспанасына қол жеткізді. Жаңа қоныс иелерінің қатарында көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар азаматтар мен балалар тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ толық емес отбасылар бар, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
100 пәтерлі тұрғын үй өткен жылы реновация бағдарламасы аясында салынған. Биыл наурыз айында мұнда алғашқы 34 отбасы қоныстанған болатын. Енді тағы 47 отбасы жаңа үйдің табалдырығын аттады.
Көптеген отбасы үшін бұл – жылдар бойы күткен арманның орындалуы.
«Арендалық тұрғын үй кезегінде 8 жыл тұрдық. Міне, бүгін көптен күткен күнге жетіп, өз пәтерімізге қол жеткіздік. Бүкіл отбасымызбен өте қуаныштымыз!» – дейді жаңа қоныс иесі Юлия Макухина.
Жаңа шаңырақта әрдайым қуаныш, жылулық пен бала күлкісі үзілмесін!
Пікірлер (0)