Ақмола облысында еңбек ұжымы сайлауға велосипедпен келді
Фото: ресми ақпарат дереккөзінен
Сайлау күні Ақмола облысының Жақсы ауылында еңбек ұжымы дауыс беруге барудың ерекше форматын ұйымдастырды. Қызметкерлер №472 сайлау учаскесіне велосипедпен бірге келіп, күнді белсенді қозғалыстан бастап, сайлауға қатысуды ұштастырды, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.
Таңертең акцияға қатысушылар белгіленген жерде жиналып, кейін велосипедшілер колоннасы ауыл көшелерімен сайлау учаскесіне қарай бағыт алды. №472 сайлау учаскесіне жеткен соң ұжым мүшелерінің әрқайсысы өз таңдауын жасады.
«Біз сайлау учаскесіне велосипедпен бірге келуді жөн көрдік. Бұл – күнді белсенді бастаудың жақсы тәсілі. Сонымен қатар дауыс беруге қатысуды күнделікті өмір салтымызбен ұштастыруға болатынын көрсеткіміз келді», – деді акцияға қатысушылар.
Велошеруге қатысқан қызметкерлер сайлау учаскесіне бірге келіп, дауыс бергеннен кейін күнделікті жұмыстарына қайта оралды. Ұжым үшін бұл сапар тек ерекше форматтағы бастама ғана емес, маңызды күнді бірге өткізудің жақсы мүмкіндігі болды.
Сайлау күні Ақмола облысының әр түкпірінде осындай түрлі бастамалар ұйымдастырылып, тұрғындарды біріктіріп, ерекше көңіл күй қалыптастыруда. Жақсы ауылындағы велосипедпен келген еңбек ұжымының бастамасы да белсенді өмір салты мен азаматтық жауапкершіліктің қатар жүретінін көрсетті.
Пікірлер (0)