Ақмола облысында халықтың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштері қалай жүзеге асырылуда
Жаңалықтар
160
Сурет: Ашық дереккөзден
Бұл жайында бүгінгі брифингте Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының м.а Сыздықов Бауыржан Айтбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Спикеріміз ең алдымен медициналық денсаулық сақтау саласын жаңғырту туралы сөз қозғады. Қазіргі уақытта Ақмола облысында 561 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: стационарлық көмек көрсететін 23 ұйым, жедел жәрдем станциясы, қан орталығы, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін 530 денсаулық сақтау ұйымы бар.
«Облыстың медицина саласының басым бағыттарының бірі – ауыл денсаулық сақтау саласын дамыту. Қазіргі таңда облыстың 14 ауданында 43 мыңнан астам ауыл тұрғындары тұратын 38 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарлануда» - дейді Сыздықов.
Барлық жобалар бойынша сараптамалық қорытындылар алынған.6 нысан бойынша нысанды салуға талон алу рәсімдері жүргізілуде. Жаңаесіл ауылындағы 3 нысан бойынша мердігерлерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүзеге асырылуда және 29 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Инженерлік инфрақұрылым құрылысына қатысты 2 денсаулық сақтау нысанының (Астрахань ауданындағы Ескі Колутон, Аршалын ауданындағы Арнасай) жобалау жұмыстары жүргізіліп, 13 жоба сараптамаға жіберілген.
Сонымен қатар, екі аурухананы (Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасы, Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасы) жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, екі ауруханада (Степногорск қаласындағы жансақтау бөлімі мен операциялық бөлімшенің жөндеуі, Атбасардағы бас корпустың жөндеуі) да жөндеу жұмыстары басталды.
Пікірлер (0)