Ақмола облысындағы спорт саласының дамуы туралы

Жаңалықтар
view 25
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Бұл жайында бүгінгі брифингте Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тулендин Ардақ Болатұлы баяндап берді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Жалпы, облыстағы спорт ұйымдарының жұмысындағы негізгі бағыттар: спорт инфрақұрылымын, бұқаралық спортты және элиталық спортты дамыту.
Облыста 1824 спорт нысаны болса, оның 1066-сы ауылдық жерлерде.
Бірінші жартыжылдықта Есіл және Қосшы қалаларында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда екі нысан да пайдалануға берілді.
Биылғы жылы Степногорск қаласында «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен құрастырмалы спорт кешенінің құрылысы басталды, ал, «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық қызметі аясында Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылында әуе қамтамасыз ету құрылымдары негізіндегі спорт кешенінің құрылысы аяқталуда.
Облыста кәсіпқой спорт саласында қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Чемпионатында 6 команда– шайбалы хоккейден – «Арлан» ХК, футболдан – «Оқжетпес» ФК (ерлер мен әйелдер), баскетболдан – «Оқжетпес» БК (әйелдер) , «Ұшқын Көкшетау» волейболдан ерлер командасы бақ сынауда.
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Тулендиннің  айтуынша қыркүйек және қазан айларында ұлттық және халықтық спорт түрлерінен (бәйге, құнан бәйге, жорға жарыс, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, көкпар, тоғызқұмалақ, шәйнектер көтеру, қол күресі,асық ату)  «Құлагер» спартакиадасын өткізу жоспарлануда. 2000-нан астам адамды қамту күтіледі.
Облыста бұқаралық спортпен қатар элиталық спорт түрлері де дамып келеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *