Ақмола облысының әкімі Көкшетаудағы соғыс ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады
Ақмола әкімдігі
Бүгін Жеңіс күні қарсаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыс орталығында соғыс ардагері Казимир Беймартқа барды.
Майдангерге Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатты беріліп, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Майдангерге Құрмет көрсете отырып, өңір басшысы соғыс ардагерлерінің ерліктері халық жадында мәңгі қалатынын атап өтті.
«Сіздің ерлігіңіз бен жемісті еңбегіңіз, адами қасиеттеріңіз - барлығымыз үшін үлгі», - деді М.Ахметжанов.
Өз кезегінде Казимир Беймарт ел Президентіне аға ұрпаққа қамқорлығы үшін алғыс айтып, барша қазақстандықтарға бейбіт аспан тіледі.
Казимир Борисович 1926 жылы 16 қазанда дүниеге келген. Қызметке Тайынша ауылынан шақырылды. Семей қаласында бір айлық пулеметші курсынан өтіп, кейін пулемет ротасына жіберілді. 1128-ші атқыштар полкінде 1-ші Балтық майданында соғысқан.
Ерлігі үшін «За боевые заслуги», « За победу над Германией» медальдарымен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Бейбіт уақытта Көкшетау облысында жұмыс істеді, төрт бала тәрбиеледі.
Пікірлер (0)