Марат Ахметжанов соғыс ардагері Нұрғасым Әжітаевты Жеңіс күнімен құттықтады
Ақмола әкімдігі
Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрғасым Әжітаевты құттықтады.
Майдангерге Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатты беріліп, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Майдангерге құрмет көрсете отырып, өңір басшысы ардагерлердің арқасында елімізде бейбітшілік пен келісім орнағанын атап өтті.
«Жеңіске жеткеніңіз үшін ризамыз. Сіз тарих жасадыңыз және жас ұрпақ үшін батырсыз. Сізге зор денсаулық пен амандық тілеймін», - деді өңір басшысы.
Нұрғасым Әжітайұлы өз кезегінде ел Президентіне қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс айтты.
Айта кетейік, осы жылдың қаңтар айында соғыс ардагері 99 жасқа толды. Ақсақал өзінің ұзақ өмір сүруінің құпиясын салауатты өмір салты мен адал еңбек деп санайды.
Нұрғасым Әжітайұлы 1925 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген, 1943 жылы қызметке шақырылып, Чита қаласындағы мергендер мектебін бітірген. Ол Курск шайқасына қатысты, Берлин үшін шайқастарға қатысты, 293-ші атқыштар дивизиясының құрамында Жапонияға қарсы соғыста шайқасты. Бейбіт уақытта түрлі лауазымдарда еңбек етті. 7 бала тәрбиелеп өсірді, 10 немересі мен 9 шөбересі бар.
Ерлігі үшін 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, «За победу над Японией» медалімен, Жуков медалімен марапатталған.
Пікірлер (0)