Ақмолада пойыз астына түскен көпбалалы ана соңғы хат қалдырған
Сурет: Ашық дереккөзден
Ақмола облысында көпбалалы ана пойыз астына түсіп қайтыс болды. Қайғылы оқиға 10 маусымға қараған түні Аршалы ауданына қарасты Анар станциясында болған, деп хабарлайды janabastau.kz smartnews.kz- ке сілтеме жасап.
Облыстық көлік полициясы бұл фактіні растады. Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы, 2-бөлігі — «Теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша іс қозғалған. Тергеу жүріп жатыр, басқа деректер жарияланбайды.
Әлеуметтік желіде тараған бейресми ақпаратқа қарағанда, 62 жастағы әйел өз-өзіне қол салған.
Туыстарына «Іздемеңдер, кетіп қалдым» деп хат жазып қалдырғаны айтылады.
Ауылдастары оның мұндай қадамға баруын денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы күресіп келе жатқан ауыр дертпен байланыстырады.
— Жағдайы жақсы, отбасы түгел еді. Бірақ қатты науқас болды, амал таппаған сияқты, — дейді марқұмды танитын ауыл тұрғындарының бірі.
Пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылып, станцияда оқиға орны қоршауға алынған. Тергеу амалдары жалғасуда.
Пікірлер (0)