Мәсімов, Бишімбаев, Мұхамедиұлы амнистияға ілігеді ме?
Коллаж: kaztag.kz; vlast.kz; informburo.kz
Қазақстанда амнистия кімдерге қолданылмайды?
Мәжіліс кулуарында депутат Абзал Құспан журналистердің Кәрім Мәсімов, Қуандық Бишімбаев және Арыстанбек Мұхамедиұлы амнистияға ілігуі мүмкін бе деген сұрағына жауап берді, депхабарлайды Janabastau.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
"Амнистия нақты тұлғаларға емес, жалпы санаттарға қатысты қабылданады. Біз мұнда нақты есімдерді атай алмаймыз," – деді депутат.
Депутат Амнистияға жатпайтын қылмыстық істерді атап өтті:
Коррупциялық қылмыстар – 624 сотталған
Терроризм – 294 сотталған
Экстремизм – 96 сотталған
Азаптау – 48 сотталған
Сонымен қатар, амнистия рецидивистерге және ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қолданылмайды.
Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай амнистия туралы заң қабылданды. Ол негізінен әлеуметтік осал топтарға және жеңіл қылмыс жасағандарға қатысты болады.
Пікірлер (0)