Рақымшылыққа Шерзат ісіндегі бір сотталушы ілінуі мүмкін

Жаңалықтар
view 525
news

Сурет: inbusiness.kz

Шерзат ісінде сотталушылардың бірі Думан Ысқақ рақымшылыққа ілінуі мүмкін.bБұл туралы мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды janabastau.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп. 

- Шерзат Полат ісін бәріміз қарадық. Ол жерде адам өліміне әкеліп соққан іс болғандықтан рақымшылық актісі қолданылмайды. Қалай болған күннің өзінде адам өліміне алып келген бап болса, егер бұзақылық бабы болса да адам өліміне әкеліп соқса онда рақымшылық қолданылмайды. Ал қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмысты хабарламау) бойынша бойынша жазаланса, рақымшылыққа ілінуі мүмкін, – дейді Құспан. 

▪️ДУМАН ЫСҚАҚ

Айта кетейік, әңгіме Шерзат ісінде сотталған кәмелетке толмаған Думан Ысқақ жайлы болып отыр. Ол қылмыстық кодекстің 434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) бойынша 1,5 жылға сотталды. Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелетін болды.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *