АҚШ Иран нысандарына соққы жасады: Тегеран "соғыс басталды" деп үн қатты
ВВС
Иран АҚШ әуе күштерінің ядролық нысандарға жасаған шабуылына жауап қайтарды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Жексенбіге қараған түні Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы “Соғыс дәл қазір басталды” деп мәлімдеме жасады. Бұл туралы Euronews жазды.
Осы уақытта Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымы Фордо, Исфахан және Натанз ядролық нысандары маңында жүргізілген радиациялық бақылау мен жергілікті тексерулердің қорытындысы бойынша ешқандай ластану немесе тұрғындарға қауіп жоқ екенін хабарлады.
— Ядролық қауіпсіздік орталығының хабарламасында: “АҚШ тарапынан Фордо, Натанз және Исфахан ядролық нысандарына жасалған заңсыз шабуылдан кейін радиациялық жүйелер мен далалық зерттеулер ластану болмағанын көрсетті. Бұл нысандарға жақын орналасқан халық үшін қауіп жоқ. Қауіпсіздік деңгейі тұрақты”, — делінген ұйымның әлеуметтік желідегі жазбасында.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, 21 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық инфрақұрылымына қарсы әскери операция басталғанын мәлімдеді. АҚШ әуе күштері Фордо, Натанз және Исфахан қалаларындағы нысандарға соққы жасаған. Ақ үй басшысы шабуылдың негізгі бөлігі Фордо нысанына бағытталғанын атап өтті.
Оның айтуынша, бұл жерге “толық бомба арсеналы” тасталған. Сондай-ақ ол АҚШ әскери күштеріне алғыс айтып, олардың әрекетін “тарихи оқиға” деп атады.
Пікірлер (0)