АҚШ-пен жаңа келіссөз: Зеленский шұғыл мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 34
news

Фото: Украина президентінің кеңсесі

Владимир Зеленский АҚШ пен Украина арасындағы жаңа келіссөздер Майамиде өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Зеленский Украина НАТО-ға кіруден бас тартуға дайын екенін мәлімдеді

Украина Президенті Владимир Нидерланд Премьер-министрі Дик Схофпен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында АҚШ пен Украина арасындағы жаңа келіссөздер раундының өтуі мүмкін екенін айтты.

Зеленскийдің сөзіне қарағанда, америкалық тарап 20 тармақтан тұратын жаңартылған бейбіт жоспарды Ресейге жолдайды. Ресейдің жауабын алғаннан кейін Украинамен жаңа кеңес өткізу жоспарланып отыр.

АҚШ шенеуніктері келесі келіссөздер Майами қаласында өтуі мүмкін екенін хабарлады. Ал Зеленский баспасөз мәслихатында бұл кездесулерге өзі қатыспайтынын, келіссөздерді екі елдің арнайы келіссөз топтары жүргізетінін нақтылады.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *