Ақшаға құныққан дәрігерлер 21 сәбидің өліміне себепші болған
nova24.uz
Түркияда адам айтса, сенгісіз сұмдық іс әшкереленді. Дәрігерлер жұқпалы вирус егіп, нәрестелерді жансақтау бөліміне жатқызып отырған. Осылайша, мемлекеттік медициналық сақтандыру бойынша қомақты қаржы бөлдіртіп, оған қоса ата-аналардан да ақша алған, деп хабарлайды janabastau.kz Ozgeris.info-ке сілтеме жасап.
Қылмыстық схема бойынша, қаскөйлер ата-аналарды жаңа туған нәрестесін өзара келісіп алған жеке клиникаларға жіберуге көндіреді. Бұл ретте оларға қызмет көрсету құны мемлекеттік қызметке қарағанда жоғары есептеледі.
Hürriyet газетінің жазуынша, қылмыстық әрекет салдарынан кем дегенде 21 бала қайтыс болған.
Күдіктілердің мақсаты балалардың жағдайын жақсарту емес, барынша пайда табу болды, – делінген басылым жазбасында.
Прокуратура осындай 19 клиниканы анықтады. Бұл медициналық мекемелерде жаңа туған нәрестелер тиісті деңгейде көмек ала алмай инфекция жұқтырған. Жаңа туған нәрестелерге күтім жасауды көбіне біліктілігі жоқ медбикелер жасаған. Сондай-ақ ата-аналардан ұзақ уақыт стационарлық күтім мен дәрі-дәрмек үшін ақша талап еткен. Тергеушілер мұны өлім тудырушы факторлардың бірі ретінде қарастырады.
Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Кемал Мемишоглу прокуратура жаңа туған нәрестелер ісін тергеу аясында 10 клиника жабылғанын хабарлаған.
Оның айтуынша, әзірге 22 адам қамауға алынған. Анадолу агенттігі прокурорлар сотқа 10 жылдан 589 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 47 адамға қатысты айыптау қорытындысын бергенін хабарлады.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, түрік билігі перзентханалардағы алаяқтық туралы алғашқы сигналды 2023 жылдың наурыз айында алған.
Біз қатаң құпияда жұмыс істедік, клиникаларға сәбилерді жібермеуге тырыстық. Біздің прокурорлар тергеуге көп уақыт жұмсады. 2024 жылдың 26 сәуірінде бұл бандаға қарсы операция жүргізілді. Нәтижесінде 41 адам ұсталды, олардың 22-сі қамауға алынды. Бүгін біз 10 аурухананы жаптық, – деді Мемишоғлу.
19 қазанда Мемишоғлу мен Әділет министрлігінің басшысы Йылмаз Тунчты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қабылдады.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, президент олардан жанжалдың егжей-тегжейін анықтап, жасалған қылмыстың барлық кінәлілерін табу үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырған. Қылмыстық ұйымға қатысушыларға түрік Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша: қасақана кісі өлтіру, алаяқтық, қылмыстық ұйым құру, ресми құжаттарды қолдан жасау бойынша айып тағылған.
Пікірлер (1)
Сұмдық масқара