Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушы қайтыс болды

Жаңалықтар
view 33
news

Фото: media.az

Былтыр желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағының аман қалған жолаушысы Әзербайжанда қайтыс болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Oxu.Az жазды.

Загатал ауданының тұрғыны Нұрулла Сираджов 18 қазанда үйінде қайтыс болған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ақтаудағы ұшақ апатына кім пәрмен берді? Ресейлік капитанның хаты жарияланды

2024 жылы 25 желтоқсанда ер адам жұбайымен бірге Грозныйда тұратын ұлына бара жатқан. Ұшақ апатынан ерлі-зайыптының екеуі де ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

БАҚ мәліметінше, Нұрулла Сираджов қатерлі ісікке шалдыққан. Ол Грозныйға ота жасату мақсатында да бара жатқан. Алайда ұшақ апатынан кейін оған ота жасалмаған, ол Баку ауруханасына жеткізілген.

Ол ұшақ апатында алған жарақаттарынан айыққанымен, қатерлі ісікті жеңе алмады, - деп жазылған БАҚ мәліметінде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *