Трамп Зеленскийге Донбассты Ресейге беруді ұсынған
Фото: Kevin Lamarque/Reuters
АҚШ президенті Дональд Трамп 17 қазанда Украина басшысымен Ақ үйде кездесті. Ол Владимир Зеленскийге Ресейдің шарттарын қабылдауды ұсынған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі DW агенттігіне сілтеме жасап.
Financial Times басылымының жазуынша, Трамп Украина келіспеген жағдайда, Ресей президенті Владимир Путин елді жойып жібереді деп ескерткен.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Газа секторындағы бейбітшілік: Байден Трамптың еңбегін жоғары бағалады
Ақ үй басшысы Зеленскийді Донбасс өңірін толықтай Ресейге беруге көндірмек болған. Бұл аймақ Донецк, Луганск және Днепропетровск облыстарының кейбір бөліктерін қамтиды. Financial Times хабарлауынша, Зеленский Трампты соғысты қазіргі майдан шебінде тоқтатуға көндірген.
The Washington Post газетінің жазуынша, Ресей президенті Владимир Путин Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенде соғысты тоқтату үшін Донецк облысына толық бақылау алғысы келетінін айтқан. Басылым дереккөздеріне сүйене отырып, Путин оның орнына Запорожье мен Херсон облыстарының кей бөліктерінен бас тартуға ниетті екенін мәлімдеген.
Владимир Зеленский Дональд Трамппен өткен кездесуден соң, Ресеймен соғыстағы ең өзекті мәселе аумаққа қатысты екенін баса айтқан.

Ресейліктер бүкіл аумақты басып алғысы келеді, – деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та Дональд Трамптың саясатына қарсы 7 миллионға жуық адам жаппай наразылық акцияларына қатысқанын жазған болатынбыз.
Оқи отырыңыз


Пікірлер (0)