Ақтөбеде 5 баланың анасын жындыханаға жатқызып тастаған: Әкім түсінік берді

Жаңалықтар
view 115
news

Фото: видеодан скрин

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров брифингте көпбалалы ананың туыстары оны психиатриялық ауруханаға күштеп жатқызғаны туралы даулы жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Көмектесіңдерші!»: Ақтөбеде бес баланың анасын туыстары жындыханаға жатқызып тастаған (ВИДЕО)

Туыстары жындыханаға жатқызып тастаған әйелдің дені сау болып шықты

Айта кетейік, Алматыда диагнозы расталмаған осы оқиға өңірдегі жалғыз жағдай емес. Аймақта тағы бір азамат дәл осындай шағым түсірген. Сол себепті тілшілер әкімге психиатриялық сараптама «ыңғайсыз адамдарды» шеттету құралына айналып кетпеді ме деген сұрақ қойған. Шенеунік мұндай айыптауларды дәлелсіз деп санайтынын жеткізді. 

Шахаровтың айтуынша, психикалық жай-күйді бағалайтын арнайы қызмет бар және шешім солардың сараптамасына сүйеніп қабылданады. Даулы оқиғада, оның сөзінше, отбасының тұрғын үй мәселесі шешілген, ал әйелге қатысты нақты ұсыныстар беріліп, қажетті процедуралар жүргізілген.

Алматыдағы соңғы медициналық қорытынды да оның психикалық тұрғыдан сау екенін растаған. Шенеунік барлық фактілер тексерілетінін, ал қандай да бір қателік жіберілсе, жауапты қызметкерлерге дейін шара қабылданатынын айтты.

Ақтөбедегі бұл оқиға қоғамда үлкен реакция тудырған еді. Бес баланың анасы мұраға байланысты туыстарымен келісе алмай, соның салдарынан психбольницаға түскенін айтқан. Ал оның балалары даулы жағдайдан кейін уақытша кәмелетке толмағандар орталығына орналастырылған.

Еске салсақ, қазақ пен қырғызға тіл тигізген Екатерина Бивол жындыханаға жөнелтілгенін жазған едік.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *