«Парламенттен келген соң үй жинаймын»: Базарбек қызметтік пәтері туралы сынға жауап берді
Фото: видеодан скрин
Депутат Бақытжан Базарбек пен жұбайы Астанадағы қызметтік пәтеріне қатысты видеодан кейінгі сынға жауап берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Todayinfo.kz-ке сілтеме жасап.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Виллаңызды көрсетіңізші»: жұпыны пәтерлерін жария еткен депутаттың әйелі мазаққа ұшырады
Бұған дейін депутаттың жұбайы Адель Адилова өзінің Instagram парақшасында депуттарға берілген Астанадағы қызметтік пәтердің видеосын жариялаған еді. Алайда желі қолданушылары отбасының отбасының видеодағы пәтерде тұратынына күмән келтірді.
Желідегі сыннан кейін депутат жұбайымен бірге қазақстандықтарға үндеу жасап, өздерінің тұрмысы мен отбасылық өмірлері туралы айтып берді.
Алдыңғы Reels өте қатты тарады. Бізге қарсы бұл депутаттың үйі емес деген сын мен хейт болды. Міне, қараңыздар, бұл сол диван, бұл сол шкаф. Бізге тек шындықты айтуға үйретілген, – дейді депутат видеода.
Депутат БАҚ өкілдеріне берген жауабында да видеода көрсетілген пәтерде тұратынын айтқан.
Иә, мен дәл сол пәтерде тұрамын, жұбайым екеуміз сын мен хейтке түсіністікпен қараймыз. Қарапайым азаматтарымыздың “депутаттың жайлы өмірі” туралы өз түсінігі бар. Біз тек шындықтың пердесін аздап аштық. Шындық кей адамдарға ұнамады. Сол ғана, – дейді депутат.
Сондай-ақ видеода ерлі-зайыпты 2016 жылы танысқандарын, ол кезде Адель Адилова заңгер болып жұмыс істесе, Бақытжан Базарбек сол кезде де қоғамдық қызметпен айналысып жүрген.
Депутат үй шаруасын жұбайлар арасында бөлмей, екеуі атқара беретінін атап өтті.
Бұл біздің отбасы, біздің үйіміз, және әркім үйде тазалық пен жайлылық болуына өз үлесін қосуы керек. Сол себепті мен де Парламенттен келгеннен кейін үйді жинаймын, – дейді Мәжіліс депутаты.
Пікірлер (0)