Ақылы жолдарда тегін жүруге болады: министрлік себебін түсіндірді
Фотосурет: ашық дереккөзден
Бүгіннен бастап ақылы жолдардың ақауы бар учаскесінде жол жүру ақысы тегін болады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ фқпарат агенттігі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
15 қыркүйекте республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем жасау ережелері өзгерді. Соған сәйкес, жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.

Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды қамтыса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді, - делінген ресми хабарламада.
Жаңа ереже республикалық және халықаралық маңызы бар барлық ақылы жолдарға қолданылады.
Айта кетсек, бүгінде ақылы жолдарға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жауапты. Ал жүргізушілер жолдағы ақаулар туралы тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне хабарласа алады.
Пікірлер (0)