Тойдың ақшасын алдын ала қалтаға басқан әнші мейрамханаға бармай қойған
Фотосурет: ашық дереккөзден
Threads қолданушысы әнші Қанат Үмбетовке қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Желі қолданушысының айтуынша, ол әншіні анасының тойына шақырған.

28 маусымда анамның мерейтойын атап өттік. Әнші Қанат Үмбетовті шақырдық. Ол қайын ағамыздың досы болғандықтан, алдын ала 100 пайыз төлем сұрады. Оған дейін біздің іс-шарада өнер көрсеткен соң еш қиындықсыз аудардық. Той болатын күні телефон тұтқасын көтермеді. Бірақ жеке парақшасын қарағанда, оның басқа мейрамханада тойда болғанын көрдік. Екі айдан аса уақыт өтті. Ақшамызды қайтаратын емес. Көмекшілері де ештеңе білмейміз деп отыр. Осындай жағдайға түсіп қалмаңыздар! Қайын ағамның өзі де іздеп жүр. Телефонын көтермейді, – деді kazbekkyzy_a аккаунтының қолданушысы.
Stan.kz тілшісі әншінің өзіне хабарласып көрген. Алайда телефон сөндірулі болыпты. Өнер иесінің менеджері «біздің қатысымыз жоқ» дегенді алға тартқан.

Сіз Қаскелең қаласында болған тойды айтып тұрсыз-ау? Қанат Үмбетовтің екі менеджері бар. Барлық тапсырысты екеуміз аламыз. Бірақ бұл жағдайда Қанаттың өзіне таныстары шыққан. Оны бізге ескертпеген. Біз ешкімнен тапсырыс қабылдап, 100 пайыз төлем жасатқан жоқпыз. Қанат біздің де телефонымызды көтермей жатыр. Менеджерлер арқылы тапсырыс берсе, біз бәрін кесте бойынша айтатын едік. Күннен шатасты ма, айдан ба, оны біз нақты білмейміз. Қанша теңге төлегенін де білмейміз, – деді Азамат есімді арт-директоры.
Қазір оның бұл әрекетін желі қолданушылары аямай сынап жатыр.

Әншілерді мүлде шақырмау керек», «Қырғын ақша келеді де халықты алдай салады», «Әншілердің бәрі құныққан», «Телефон нөмерін көрсетіңіз, халық болып жазайық», «Ақшасын желкесінен шығару керек», «Арыз жазуға болады», «Бір-екі апта емес, екі айдан бері қайтармау деген сұмдық, – деп жазды көпшілік.
Пікірлер (0)