ШҚО-да ойын бизнесіне «крыша» болған полиция басшысы Түркияда ұсталды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 83
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Шығыс Қазақстан облысындағы құқық қорғау органында басшы бола тұрып, заңсыз құмар ойнайтындарға «қамқорлық» танытқан экс-полицей Түркияда қолға түсті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 2015-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының бірінде басшылық қызметті атқара отырып, ойын бизнесі саласындағы заңсыз әрекеттерге қамқорлық жасағаны үшін жүйелі түрде ақшалай сыйақы алған. Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. 2024 жылдың қаңтарында іздеудегі азамат Түркия Республикасының Измир қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге экстрадицияланды, - деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Дереккөзге сүйенсек, күдіктіні Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қолға түсірген.

Қазақстан азаматы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырғаны және билігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Айыпталған іс-әрекеттері үшін қылмыстық заңнама бойынша мүлкі тәркіленіп, 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, - деп хабарлады Бас прокуратура.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *