Илон Масктың компаниясынан 500 адам қысқартуға ұшырады
Фотосурет: Reuters
Миллиардер Илон Маск негізін қалаған xAI компаниясында ауқымды құрылымдық өзгерістер болып, жүздеген қызметкер жұмыстан босатылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Grok атты жасанды интеллект моделін оқытумен айналысқан бөлімде 500 қызметкер қысқартуға ұшыраған. Олар – негізінен деректерді құрылымдау және санаттарға бөлу бойынша жұмыс істеген мамандар.
Бұл өзгерістер компанияның стратегиясын қайта қарауымен байланысты болып отыр. Енді xAI бұрынғыдай әмбебап мамандардың орнына тар бағыттағы сарапшылар тобын қалыптастыруды көздейді.
Сонымен қатар, компания жасанды интеллектті оқытумен айналысатын команданың санын 10 есе арттыру жоспарын жариялады.
Жаңа лауазымға тағайындау алдында қызметкерлерден табиғи ғылымдар, бағдарламалау, қаржы, медицина, сондай-ақ чат-боттардың мінез-құлқы мен қауіпсіздігін бағалау сынды бағыттарды қамтитын тестілеуден өтуді талап етпек.
Айта кетсек, xAI – 2023 жылы Илона Маск негізін қалаған, жасанды интеллектке арналған ақпараттық инфрақұрылым құрумен айналысатын компания. Ол қазір Grok генеративті чат-ботын әзірлеп жатыр.
Пікірлер (0)