Ақын Олжас Қасым: Құрылтай сайлауы – Әділетті Қазақстан жолындағы маңызды қадам

Жаңалықтар
view 31
news

Фотосурет: дереккөз

Танымал ақын, журналист, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Олжас Қасым алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасында Қазақстанның жаңа саяси кезеңге қадам басқанын атап өтті.

Оның айтуынша, Конституциялық өзгерістерден кейін өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы – жаңарған саяси жүйенің маңызды сынақтарының бірі.

«Бұл – жай ғана саяси науқан емес. Бұл – елімізде Заң мен Тәртіп қағидатын орнықтырып, Әділетті Қазақстанды бірге құру жолындағы маңызды қадам», – деп жазды Олжас Қасым.

Ақынның пікірінше, Құрылтайдың құрамына қандай азаматтар мен қандай саяси күштердің өтетіні халықтың таңдауына байланысты. 

Сондай-ақ ол әділ сайлау тек мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, әрбір сайлаушының азаматтық ұстанымына да тәуелді екенін айтты.

«Бұл сайлау – елдің ертеңіне қатысты жауапты таңдау. Саяси партиялар өз бағдарламасы мен ұстанымын халыққа ұсынады. Ал соңғы сөзді айтатын – сайлаушы», – деді ол.

Жазба соңында Олжас Қасым қоғамның әділетті, мемлекеттің берік болуы әр азаматтың жауапты таңдауына байланысты екенін айтып, ел тағдырына бейжай қарамауға шақырды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *