«Арамыз суып кетті»: Мереке Қалбаева отбасындағы қиындықтары туралы айтты

Жаңалықтар
view 595
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Белгілі әзілкеш, блогер Мереке Қалбаева қазіргі кезде басынан өтіп жатқан қиындықтарымен бөлісті. Айтуынша, соңғы уақытта жолы болмай жүр, деп хабарлайды janabastau.kz KYN.KZ-ке сілтеме жасап.  

Желі жұлдызы тауар сата алмай, қарызға кіріп кеткен. Содан бері үйінен береке кете бастапты.

“Сау басыма сақина тілеп алдым. Биыл екі күннің бірінде жылаумен болдым. Арсен “Сенің қолыңнан бизнес жасау келмейді” деді. Бірақ мен алған бетімнен қайтпадым. Бірақ сәтсіздіктен көз ашпадым. Тауар сата алмай, қарызға кіре бердім. Жеті миллион теңгенің көлігін ұтысқа салып, өзім дымсыз қалдым. Мен бизнеске араласқалы үйімнің берекесі кетті. Жүрегімнің тыныштығы жоғалды. Күйеуімізбен арамыз суып кетті. Бәрін күйеуіме дәлелдеу үшін жасап едім, бекер болды”, – деді блогер.

Ендігіде өз саласына бет бұрған ол, күйеуінен кешірім сұрағысы келетінін жеткізді.

“Қолдаған жүректерге рақмет айтамын. Мен қолымнан келгенше әрекет еттім. Демек хайырлысы осы шығар?! Тоқтамай жалғастыра берейін десем Арсенмен ажырасып тынайын деп тұрмын. Сондықтан кейде артқа қадам жасау да көмектеседі. Өзім білмедім, білгеннің тілін алмадым. Әйелдер эмоцияға көп берілеміз, кез-келген істі ақылдасып шешуге тырысайық! Арсенді көп ренжіттім. Енді кешірім сұрау керек болып жүр. Оған да уақыт келер. Ал бізден жаңа сериалдар мен әндер күтіңіздер!”, – деп жазды әзілкеш.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *