Асанәлі Әшімов Меруерт Өтекешеваға өзінің де ғашық болғанын айтты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 159
news

Фотосурет: aikyn.kz

Белгілі актер Асанәлі Әшімов әйгілі «Қыз Жібек» фильмінің басты кейіпкерлерін сомдаған Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешева арасындағы шынайы сезім қалай басталғанын баяндады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Koremiz_show YouTube-арнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, фильмге дайындық басталған тұста Құман мен Меруерт мектепті енді ғана аяқтаған, жастары 16-17 шамасында екен.

1968 жыл. Айтты ғой, мектеп бітірген жоқ әлі. 10-сыныпты бітіріп, 16-дан 17 жасқа шығатын кезі ғой. Біз фильмге дайындықты ипподромда бастадық. Барлығымыз сонда болдық, Ғабит Мүсіреповтің өзі келді. Жап-жас жігітпіз ғой ол кезде, Меруертті алғаш көргенде бәріміз де көз салдық. Сөйтсек, екеуміз қыз алыспайтын бір рудан екенбіз. Сосын біз Әнуар (Әнуар Молдабеков – ред.) екеуміз Құманға (Құман Тастанбеков – ред.) көмектестік қой. Бірақ бастапқыда Меруерт аса ұнатпай жүрді. Сосын жайлап жақындасты, танысты, тілдесті. Ақырында «Қыз Жібектің» бітер кезінде екеуін үйлендіріп, той жасадық. Мен тамада болдым. Өкінішке қарай, қазір «Қыз Жібектен» тек Меруерт екеуміз ғана қалдық, – деді Асанәлі Әшімов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *