Бүгін еліміздегі екі қалада сақылдаған сары аяз болады

Жаңалықтар
view 146
news

Фотосурет: pxhere.com

«Қазгидромет» РМК ресми сайтында жексенбі күнгі ауа сапасына байланысты, Астана, Ақтөбе қалаларының тұрғындарына арналған ескерту жарияланды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

2025 жылғы 21 желтоқсанда Ақтөбе, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануы түрінде қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығын білдіреді. Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.

Синоптиктердің мәліметінше, 21 желтоқсанда Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Ауа температурасы күндіз -22-24 градус және түнде -25-27 градус аяз болады.

Ақтөбеде де ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз -13-15 градус, түнде -21-23 градус аяз күтіледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *