«Мақпалдың да кесірі тиді»: Генерал Нұрқаділовтің өлімі туралы айтты (ВИДЕО)
Фотосурет: ашық дереккөзден
Генерал Амангелді Шабдарбаев Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында марқұм Заманбек Нұрқаділов туралы естеліктерін бөлісті. Оның айтуынша, Нұрқаділов өз-өзіне қол жұмсады деген нұсқаға сену қиын, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Генерал кезінде әнші Мақпал Жүнісовамен кездесіп, Заманбек жөнінде ашық сөйлескен көрінеді. Алайда марқұмның қазасын тексеруге тікелей қатыспаған.
Мақпал Жүнісовамен кездестім. Екеуміз жақсылап тұрып әңгімелестік. Ол кісі де біраз әңгімесін айтты. Мен де Заманбек туралы жақсы айттым. Бірақ уақыт келеді дедім. Істі Ішкі істер министрлігі қарады. Мен Заманбектің өлімін тексеріп барған жоқпын. «Өз-өзін үш рет махаббат үшін атпас еді» деп айттым. Сондықтан ол өз-өзін атқан жоқ, – деді Амангелді Шабдарбаев.
Сұхбат барысында ол бір кездері Нұрқаділов пен Назарбаевтың өте жақын болғанын еске алды. Айтуынша, Назарбаев Заманбекке сенім білдіріп, сол сенімге иланған Нұрқаділовтің кейін жеке өмірінде де, мінез-құлқында да өзгерістер болған.
Алдында екеуі қатты дос болды. Мына кісі Заманбекке «сенің жақсылығыңды ұмытпаймын» дегендей айтты. Соған Заманбек қатты сенді. Содан кейін кішкене арақ ішті. Мақпалға үйленді. Сондай жасай бастағанда, елдің бәрі Назарбаевқа «мынаны бүйту керек, сүйту керек» деді. Сонда марқұм Терещенко мен Нұрқаділов сөзге келіп қалыпты. «Мені телефоннан Заманбек боқтады» деп Терещенко жүгіріп келді. Президент Заманбекке «Неге боқтайсың?» деді. Сонда Заманбек «мен боқтаған жоқпын» депті. Сөйтіп бұл (Назарбаев) Терещенко жағын қолдады да Заманбекке тиісті. Сөйтіп, сөзден сөз шығып, екеуінің арасы жаман болып кетті. Ол кезде Мақпалдың да кесірі тиді. Айта береді ғой. «Сенен Назарбаев қорқады, сені пайдаланды» деген сөздер шығар. Ана кісі сөзінде тұрмаған ба, Заманбек қатты-қатты сөйлей бастады. Оны кім өлтіргені белгісіз, мен де білмеймін, – деді генерал.
Пікірлер (0)