Асанәлі Әшімовтің ұлдары неден қайтыс болды: Журналист тың деректі бөлісті (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 177
news

Фото: ашық дереккөз

Журналист, баспагер Марфуға Шапиян таяуда дүние салған актер Асанәлі Әшімовтің ұлдары неден қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол оқырмандары өзіне осы тектес сұрақтар қойғанын, сол себепті жауап іздеп көргенін айтты.

«Асанәлі Әшімовтің ұлдары неден қайтыс болды? Басқа көзі тірі балалары бар ма?». Осы тектес сұрақтар маған көп келді. Мен де жауап іздеп көрген едім. Тапқандарымды сіздерге айтып берейін. Асанәлі атамыз ғұмырында төрт рет үйленген. Ең алғашқы жұбайы – студент шағында бас қосқан Майра апайымыз, одан екі ұлы бар. Үлкені Мәди, ол 1959 жылы дүниеге келген. Ол кісі архитектор болған екен. Кейінгі жылдары жеке бизнеспен айналысқан. Балаларынан Нұрилә және Нұрәлі атты балалары бар. Асанәлі атамыз бен Майра апамыз, әсіресе, қыз бала – Нұрилә дүниеге келгенде қатты қуанған. Өздерінде қыз болмағаннан кейін ерекше жақсы көрген, - дейді журналист.

Марфуға Шапиянның пікірінше, Сағи Әшімов тарихта Шоқан болып қалған.

Атамыздың ұлы Мәди 1999 жылы қаңтар айында қайтыс болады. Ол панкреатит диагнозымен ауырған. Ауруханада 4 ай жатқан соң көз жұмған. Ал екінші ұлының есімі Сағи, ол 1961 жылы дүниеге келген. Әкесінің жолын қуып актерлік мамандықты таңдайды. 19 жасында Шоқан Уәлихановтың рөлін сомдайды. Тарихта Шоқан болып қалды. Ол да аяқастынан қайтыс болар күні Асанәлі атамыздың үйіне келіп, әжесі Тәжіханның жанында жатып, сол жерде көз жұмады. Оның бұрыннан жүрегі ауырады екен. Ол туралы ешкім білмеген... – дейді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *