Астана – азияның ару қызы
Редакция таңдауы
245
ЕЛОРДАНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ
Қосшы қаласының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ -нің ұйымдастыруымен Астананың 25 жылдық мерейтойына орай “Астана – Азияның ару қызы” атты поэзия кешін өткізді. Әдеби шара белгілі ақын Кәкімбек Салықовтың «Астана – Азияның ару қызы» атты өлеңін басты тақырыбы етіп ала отырып ұйымдастырды. Кешке әртүрлі мекемелердің қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, Орталық кітапхана, Жастар ресурстық орталығы, Мәдениет үйі және IT мектебінің мұғалімдері болды. Олар аузын ашса, өлеңдері ән болып төгілетін айтулы ақындарымыздың елордаға арнаған өлеңдеріне жан беріп, нақышына келтіріп орындады. Өнерпаздардың тебіренте оқыған жырлары тыңдарманның жүректеріне жетіп, жан дүниесін тербеді десе, артық айтқандық емес. Тіпті ерекше әсерге бөленгендері кеш аяқталмаса екен деген тілектерін көздерімен ұқтырды. Лирикаға толы өлеңдер Астанамызды асқақтатып, армандарға жетеледі. Поэзия кешінде Гүлфайруз Жамантай ақын Нұрперзент Домбайдың “Ей, Астана” өлеңін, Сымбат Қуандықова ақын Дидар Аймұхановтың “Астанада кірпіктерге мұз қатып” өлеңін, Маржан Әбілқасым өзінің төл туындысы “Жаса, мәңгі Астана” өлеңін, Сәулет Төкен ақын Қалқаман Сариннің “Астана” өлеңін, Арайлы Нұртаева ақын Рауан Қабидоллиннің “Астанасын”, Бекежан Абдрасилов ақын Кәкімбек Салықовтың “ Астана – Азия- ның ару қызы” өлеңін, Гүлбану Бажиева ақын Нұрлан Қалқаның “Отанымның жүрегі” өлеңін, Мөлдір Дүйсембаева ақын Серік Тұрғынбековтің ” Елорда сенен айналдым” өлеңін, Аяна Абаева өзі шығарған «Астана көктемі” өлеңін мәнерлеп оқып, тыңдарман көңілін желпінтті. Сондай-ақ жыр кешіне келушілер арасында Астанаға қатысты сұрақ-жауап интеллектуалдық ойыны ойнатылып, мақал-мәтел сайысы өткізілді. Мәселен, оған қатысушының бірі мақалдың басын айтса, екіншісі оның екінші жалғасын табуы тиіс. Бұл шара да көпшілікті барынша қызықтырып, еліктіріп әкетті. Кеш соңында ұйымдастырушы ретінде Әбділда Тәжібаевтың “Сырдария” өлеңін нақышына келтіріп оқып бердім. Орталық кітапханада өткен әдеби шара көпшіліктің көңілінен шықты. Әдебиет сүйер қауым болашақта түрлі тақырыптарды қозғап, осындай поэзия кештерін жиі ұйымдастырсақ деген ұсыныстарын айтты. Оған қатысушылардың бәрі поэ- зиядан бойларына ләззат, жандарына азық алып қайтты. Баршасы бірге қазақтың мақтанышына айналған Астанамыз одан әрі гүлденіп, әлемдік деңгейдегі танымал қалаға айналсын, Қазақстан дамыған мемлекеттердің алдына шығып, дүниежүзі сүйсінетін ел болайық деген тілекпен тарқасты.Әлия Мұсаева, «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры
«Jańa Bastau» газетінен алынды
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Редакция таңдауы
Астанада әйелдің басына лифтінің плиткасы құлап, миы шайқалды
Пікірлер (0)