Кітапхан қоры жаңа әдебиеттермен толықты

Редакция таңдауы
view 64
news

Облыс әкімі Ермек Боранбайұлының тапсырмасымен Қосшы қаласының кітапхана қорына жаңа кітаптар алу үшін облыстық бюджеттен 5 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген болатын. Аталған қаржы есебінен кітапхана қоры ең көп сұранысқа ие жаңа әдебиеттермен толықты. “Абай жолы”, “Бабалар сөзі” көптомдығы, әлемдік бестселлер “Хәрри Поттер” қазақ тілінде, “Екінші болма”, “Бейсен және болмыс”, “Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт”, “Болмаған балалық шақ” және т.б. кітаптар оқырмандарға жол тартатын болады. Сонымен қатар балаларға арналған әдебиеттер қоры толықты: “Бұл өте оңай”, “Хәри мен Кәри”, “Жалықтырмайтын энцикопедия”, “Кішкентай ханзада”, “Қарынбай”, “Нан батыр” және т.б. қызықты ертегілер мен әңгімелер өз оқырманын асыға күтуде. Құрметті қала тұрғындары, сіздерді қалалық кітап- ханада күтеміз. Мекенжай: Республика көшесі, 28. Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-Жұма 09.00 -18.00. (13.00-14.00 түсті үзіліс)

«Jańa Bastau» газетінен алынды

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *