Қазақ пен домбыра – егіз ұғым
Редакция таңдауы
113
Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Рухани байлығымызды жаңғыртып, өскелең ұрпақ санасына ұлттық құндылығымызды сіңіру мақсатында Ұлттық домбыра күні белгіленді.
ДоМбыра күнінің аясында ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында игі дүниелер қайта жаңғырып, тың бастамалар бой көтерді. Ақмола облысы бойынша Ұлттық домбыра күніне орай 1 000-нан астам іс-шаралар өткізілді.
Осы шараға орай, облыс орталығы – Көкшетау қаласының «Абылай хан» алаңында өткен «Домбыра» атты флеш-моб 1,5 мыңға өнерпаздарды біріктірді. Облысымыздың кәсіби домбырашылары, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының К.Күмісбеков атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, «Көкшетау» мәдениет сарайының «Көркемтау», «Кербез сұлу» домбырашылар ансамбльдері, Көкшетау қаласының Біржан Сал атындағы музыкалық колледжі, Ақан Сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері, қала мектептерінің, Ақкөл, Аршалы, Бурабай, Атбасар, Егіндікөл, Жақсы, Жарқайың, Целиноград, Сандықтау, Қорғалжын, Бұланды, Шортанды, Зеренді аудандары мен Көкшетау, Қосшы қаласының бірлескен домбырашылар ансамблі мен күй мектебінің шәкірттері бірлесіп, қазақ халық композиторларының күйлерін бір мезетте орындады.
Ауқымды өнер мерекесіне Көкшетау («Даниярова» ЖК, «Калиева Б.А.» ЖК, «Гульбану Гумурзакова» ЖК), Қосшы («Өнер-2012» ЖК) қалалары, Қоянды («Рахим» ЖК, «Нұрис-
лам» ЖК), Өркендеу («Адал Ниет Астана») елді мекендерінің мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында қызмет көрсететін домбыра мектептері мен үйірмелері де белсенді атсалысты.
Фестиваль қазақтың қара домбырасының қасиетін арттыру, елге ұлттық өнерді насихаттау және халыққа өз өнерлерін паш ету басты мақсатын ұстанады.
Сондай-ақ Қосшы қаласы Жастар-ресурстық орталығы ”Бабамыздың үнісің сен, Домбыра” челленджін Көкшетау қаласы Жастар ресурстық орталығынан қабыл алып, Степногорск қаласы Жастар ресурстық орталығына жолдады.
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген Қадыр Мырза-әлінің сөзін ұран еткен халқымыздың көңіл төрінде домбыраның орны ерекше. Себебі басынан небір қилы заман өтсе де, жаугершілікті бастан өткеріп, бодандық қамытын кисе де төл аспабы қолынан түспеді. Одан тараған қоңыр үн жадында тарих болып қатталып, шежіре болып шертілді. Шын мәнінде, қазақтың қара домбырасы – ұлтымыздың бойтұмары. Оның үні әрқайсымыздың жүрегімізге жақын», дейді қосшылық жастар.
Бұл – еліміз үшін ерекше мейрам. Оны ел болып атап өту арқылы халқымыздың рухын көтеріп, танымын арттыра түсеміз.
Домбыраның күмбірі халқымыздың жүрегінде мәңгі жасасын!
«Jańa Bastau» газетінен алынды
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)