Астанада LRT бағаналары толықтай салынып бітті

Жаңалықтар
view 249
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Астанада жеңіл рельсті көліктің (LRT) 22 шақырымдық эстакадалық жолының құрылысына қарастырылған барлық 799 тірек салынып бітті, – деп жазады janabastau.kz.

Тіректің төменгі бөлігінің ені – 2-2,4 метр, жоғарғы бөлігі – 6,8 метр, биіктігі эстакада жолының өтетін жеріне байланысты 5-тен 18 метрге дейін, бір тіректің орташа салмағы – 200 тонна.

Қазақстандық стандарттар бойынша В45 класындағы М600 маркалы бетон қолданылады.

Айта кетерлігі, В45 класындағы бетон гидроэлектростанцияларды, бекініс құрылыстарын, бункерлерді, метрополитен, ауыр металлургия кәсіпорындарын, химиялық, ғарыштық, қорғаныс зауыттарын, атом энергетикасы объектілерін салуда қолданылады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *