Астанада полицейлер «Әлем» базарында етке мөр басып жүрген адамды ұстады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот
Астана қалалық Полиция департаментінің арнайы жасағы «Әлем» базарына барып, етке мөр басып жүрген 41 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Полиция осы арқылы базарға қайда сойылғаны және сапасы белгісіз ет жетіп отырған деп топшылап отыр.
«Мал ұрлығы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында уәкілетті органдардың рұқсатынсыз ветеринариялық ілеспе құжаттарды рәсімдеумен айналысқан 41 жастағы ер адамның заңсыз әрекеті анықталды, - деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция мәліметінше, ол сыйақы алып әкелген адамдардың етіне мөр басып беріп отырған. Ол бұл мөрді және басқа да жалған құжаттарды қолдан жасап, ақшаға сатып отырған. Құқық қорғау органдары базар әкімшілігіне мұндай заңсыздыққа жол бергені үшін ұйғарым енгізген.
Пікірлер (0)