Бірқатар шектеу енгізілді: Астанада ЖРВИ мен тұмау өршіп кетті
Фото: shutterstock
Астананың Бас мемлекеттік санитария дәрігері Айгүл Шағалтаева "Санитариялық індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тұмаудың асқынғанын қалай білуге болады
Денсаулық сақтау министрлігі Гонконг тұмауы жаңа штамм емес екенін мәлімдеді
Гонконг тұмауының өршуі желтоқсанның ортасына дейін жалғасуы мүмкін – ДСМ
Құжатқа сәйкес бірқатар шара енгізілді:
- поликлиникалар мен стационарлардың жұмысын күшейту;
- науқастарды оқшаулау;
- қабылдау кабинеттерін кеңейту;
- маска тағу режимін сақтау;
- вирусқа қарсы препараттардың қорын толықтыру.
Сондай-ақ, 20 қарашадан 5 желтоқсанға дейін сыныптағы оқушылар санының 30 пайызы және одан да көбі ЖРВИ-мен ауырса, қашықтан оқыту форматына ауыстыру, т.б. шаралар қарастырылған.
Айта кетейік, кейінгі аптада елордада 23 002 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Бұл 30 қазан - 5 қараша аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп. Науқастардың 60 пайызы - 14 жасқа дейінгі балалар.
Еске салайық, бұған дейін Астананың Бас санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева А (H3N2) вирусының штамы (гонконг тұмауы) маусым сайын айналымда жүретін тұмау екенін айтқан болатын.
Пікірлер (0)