Астанада тағы 40 жаңа автобус шығарылды
CTS баспасөз қызметі
Астана тұрғындары мен қала қонақтарына қызмет көрсету үшін елорда көшелеріне 18 метрлік жаңа 40 автобус шығарылды, деп хабарлайды janabastau.kz, елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Бұған дейін CTS баспасөз қызметі наурыз айында елорданың қоғамдық көлігінің жылжымалы құрамы 18 метрлік жаңа 40 автобуспен толығатыны және ресімдеу, жабдықты орнату жұмыстары аяқталғаннан кейін қала бағдарларына қосылатыны туралы хабарлаған болатын.
«Осы 40 автобус дайын болды және олар № 44, 10, 9, 7 бағдарларына жіберілді. Оның ішінде 16 автобус № 44 бағдарға жіберіліп, бағдардың жылжымалы құрамы толықтай 18 метрлік автобустарға ауыстырылды. 14 автобус № 7 бағдарға жіберілсе, қалған автобустар № 9 және № 10 бағдарларына бөлінді», - делінген CTS баспасөз қызметінің хабарламасында.
Пікірлер (0)