Бишімбаев Нүкенова қайтыс болатын түні оны неге видеоға түсіргенін айтты
Фото интернеттен
Қуандық Бишімбаев сотта неге Салтанат Нүкенованы балағаттап, интим сипаттағы сұрақтар қойғанын видеоға түсіргенін түсіндірді. Кеше бұл видеолар оның ұялы телефонынан табылып, сотқа қатысушы тараптарға көрсетілген болатын, - деп хабарлайды janabastau.kz.
Бұл видеолар 9 қарашада, яғни Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні түсірілген. Бастапқыда Бишімбаев оларды "монтаж" деп азар да безер болған, кейін оны өзі түсіргенін мойындады. Судья одан не үшін бұлай істегенін сұрағанда, айыпталушы "қорлауына қорлаумен жауап бергісі келгенін" айтты.
Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова өз кезегінде Нүкенованың беті қан болғанына, соңғы бейнематериалдарда көздері ісіп, тіпті аша алмай қалғанына назар аударды. Бұған жауап ретінде Бишімбаев сол сәтте оған өлім қаупі төнгенін байқамағанын айтуды жалғастырды.
"Мен өлімге әкелетін қауіпті көрмедім, оған бірдеңе болуы мүмкін деп ойламадым", - деді ол сотта.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қуандық Бишімбаев телефонына түсірілген видеоны "монтаж" деп, мойындамай қойған болатын.
Пікірлер (0)