«Райымбекпен жыныстық қатынасқа түстің бе?»: Бишімбаевтың телефонынан небір сұмдық видеолар табылды
Фото интернеттен
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында оның ұялы телефоны қаралды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Сот отырысы барысында судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың ұялы телефонынан суреттер мен видеоларды қарады. Оның сөзінше, видеолардағы уақыт 8-9 қараша күндері деп көрсетілген.
"Ешқандай дәретхана жоқ. Ізде", - дейді видеодағы дауыстың бірінде Бишімбаев Нүкеноваға.
Судья видеоларды қарау барысында Бишімбаевтан Нүкенова еденнен не іздегенін сұрады. Сонымен қатар, Айжан Құлбаеваның айтуынша, видеолардың бәрінде киімсіз, тек қара плащ киген Нүкенова көрінеді.
Бишімбаевтың ұялы телефонындағы видеода ер адамның даусы Нүкенованы бұрынғы қарым-қатынасы үшін айыптағаны, былапыт сөздер айтқаны да естіледі.
Ол әйелді балағаттап, қайта-қайта "Райымбек Баталовпен төсектес болдың ба?" деп сұрақтың астына алған.
8-9 қараша күні түсірілген видеода марқұм Салтанат жерден бірдеңені іздеп жатады. Оған бөтен бір ер азаматтың “ізде” деп боқтық сөз айтып жатқаны көрсетілген.
Бишімбаевтің телефонындағы тағы бір видеода ер адам: Сен онымен жаттың ба? Райымбекпен? — дейді.
- Салтанат: Иә!
- Көңілдесі болдың ба? Онымен жыныстық қатынасқа түстің бе? Не үшін? Ақша керек болды ма?
- Жоқ!
- Тағы да айт, мен онымен төсектес болдым де. Мойында! - деген дауыстар естіледі.
Дегенмен сот отырысында Бишімбаев мұның бірде-бірін мойындамады.
"Бұл қандай да бір монтаж, телефонды ашып алып, жүктеп қойған болуы мүмкін", - деп жалтарды ол.
Жәбірленуші тарапқа бұл видеоларды қарамауға кеңес берілді.
Айта кетейік, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефонын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері де аша алмай қойғаны белгілі болды. Өйткені бұған дейінгі сот отырыстарында оның телефоны зерттелмеді.
Бұл туралы сот отырысында судья Айжан Құлбаева айтты. Оның сөзінше, Бишімбаевтың телефонын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық мамандары аша алмай қойған.
Толығырақ видеода:
Пікірлер (0)