Бүгін түнде қарт Каспий сілкінді

Жаңалықтар
view 462
news

Скриншот Google Карта

Жер сілкінісі Каспий теңізінің маңында болды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Жер асты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 23 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 00:09-да тіркеді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 1913 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. MPV, магнитудасы 4,4", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында сезілетіндігі туралы мәліметтер жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, 12 сәуірде Алматы тұрғындары Қытай аумағында болған жер сілкінісін сезген болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *