Жайық өзенінде су деңгейі әлі көтерілуде

Жаңалықтар
view 198
news
news
news

БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында бүгінгі күні саяжайлардағы 13 044 үйді су басты. Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, janabastau.kz хабарлайды. 

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде.

13 880 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 748-сі  бала. Эвакуациялық пункттерде 2 363 адам орналасқан, оның ішінде, 1009 бала, 11 517 адам туыстарында.

4 925 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Облыс бойынша барлығы 1 229 936 дана қапшық және 22 298 мың тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 10 647 адам, 1 919 бірлік техника, 213 бірлік су сору құралы, 194 дана жүзу құралы және 5 вертолет жұмылдырылған.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *