Астанада Ұлдана Мырзуанның құрметіне аудитория ашылады
Фото: ашық дереккөз
Астанадағы медициналық колледжде жұмыс барысында басына кондиционердің сыртқы блогы құлап, ауруханада қайтыс болған 21 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан құрметіне арнайы аудитория ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды (ВИДЕО)
«Ешқандай медаль әйелімді қайтара алмайды»: Астаналық марқұм фельдшердің күйеуі жұртты толқытты
Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
Министрдің сөзіне қарағанда, алдын ала деректер бойынша кондиционерді орнату кезінде қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Қазір тергеу қандай лауазымды тұлғалар мен ұйымдар бұзушылыққа жол бергенін анықтап жатыр.
Сонымен қатар жедел жәрдем стансасының ұжымы, колледж басшылығы және министрлік бірлесе отырып, фельдшердің есімін еске алу шараларын әзірлеуде.
Біз оның оқыған колледжінде құрметіне аудитория ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл барлық медициналық қызметкерлер үшін ауыр трагедия. Сондай-ақ, басына ескерткіш орнатуды да ойластырып жатырмыз, — деді Ақмарал Әлназарова.
Еске салсақ, 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылында ғимараттың кірпіш фасадының бөлігі кондиционермен бірге құлап, бес адам зардап шеккен еді. Солардың ішінде жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан да болған. Ол көмек көрсету үшін келгенде екінші қабаттан кондиционер құлаған.
Пікірлер (0)