Астанада жұмысшы 7-қабаттан құлап, қаза болды
Фото: zakon.kz
Астанада құрылыс алаңында жұмысшы 7-қабаттан құлап көз жұмды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы жағдай 14 желтоқсанда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жетінші қабаттан құлаған.
Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді.
Полицияның мәліметінше, құрылыс алаңында үйдің сыртында фасадтық жұмыстарды жүргізу кезінде ілулі көтергіштің сым арқаны үзіліп кеткен.
41 жастағы ер адам 7-қабаттан құлап кеткен, салдарынан алған жарақатынан сол жерде қаза тапты, - делінген полиция хабарламасында.
Құрылыс жұмыстарында қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Пікірлер (0)