«Махаббатым өзгеше... Біргемін»: Мөлдір Мұқанованың жазбасы көпшілікті ойландырып қойды (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/moldir.mt
Атышулы әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында туған ауылына барғанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ол ауылдастарына деген құрметі ерекше екенін жеткізді.
Ауылдастарым, сіздерге деген құрметім ерекше, махаббатым өзгеше, сағынышым мәңгілік… Бүгінгі күннің қалай өткенін шай ішіп отырып айту керек. Кішкентай ғана ауылымның берекелілігіне, татулықтарына, ұйымшылдықтарына, бір-біріне сыйластықтарына тағы бір тамсандым. Ауылымның іргесі мықты болып, дамып жатқаны үшін, ауылдың әкімі, ақсақалдары, тұрғындарына шексіз ризамыз. Ал бүгінгі ойынға сәттілік. Сән-салтанаты келіскен ауылымның тұрғындары сіздерді жақсв көремін. Өмірдің кез келген сәтінде сіздермен біргемін, - деп жазды ол.
Желі қолданушылары әдеттегідей түрлі пікір жазып жатыр.
Пікірлер (0)