Асхат Аймағамбетов докторантураның кей талабы өзгеретінін айтты

Жаңалықтар
view 28
news

Фото Depositphotos.com

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов facebook-парақшасында жаңа жылдан бастап докторантураға түсетіндерге қойылатын талаптар өзгеретінін, енді бірқатар мамандық үшін ағылшын тілін меңгеру міндетті болмайтынын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Депутат сөзінше, қазақ филологиясы немесе музыка саласындағы зерттеушілер шет тілі сертификататы жоқтығынан докторантураға түсе алмай жүрген жағдайлар бар. Бұрын бұл міндетті талап болған. Бірақ қазір GPT мен Gemini сияқты құралдар шыққаннан кейін жағдай өзгерді.

Осыны ескере отырып Аймағамбетов кей мамандықтар үшін шет тілін меңгеруді міндеттемеу туралы ұсыныс білдірген. Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл бастаманы қолдады.

Енді мына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсу үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификат талап етілмейді:

1. D005 – Дене шынықтыру педагогтерін даярлау;

2. D006 – Музыка педагогтерін даярлау;

3. D017 – Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау;

4. D018 – Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау.

Енді үміткердің шынайы ғылыми әлеуетін бағалау үшін түсу кезінде эссе жазудың орнына Research Proposal (зерттеу жоспары) дайындауы керек. Research Proposal енгізу және тәуелсіз сарапшыларды тарту нормасы 2026-2027 оқу жылынан бастап іске қосылады.

Дегенмен, Scopus бойынша талаптарды өзгерту, тізімді басқа да шығармашылық бағыттарға кеңейту, тіл емтиханын тапсыру мерзімін оқу соңына ауыстыру (талапты мүлдем алып тастамай) және іріктеу процесінде академиялық адалдықты күшейту сияқты жүйелі ұсыныстарым әзірге жүзеге аспады. Докторантураға қабылдау талаптары мен бағдарламалардың өзін жетілдіру бойынша шараларды әрі қарай қарастыру маңызды, – дейді депутат.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *