БҚО-да болған жол апатынан екі әйел қаза болды
Фото: БҚО ПД
Батыс Қазақстан облысында, Самара – Шымкент тас жолының Барбастау ауылы тұсында ВАЗ-2112 мен Volkswagen Passat көліктері жол апатына ұшырады. Оқиға салдарынан екі әйел көз жұмды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, қаза болғандар — шетелдік автокөліктің жолаушысы және ВАЗ көлігінің жүргізушісі. Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті де растады.
Алдын ала деректерге сәйкес, ВАЗ-2112 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен де, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан.
Апат кезінде жүргізуші мен тағы екі жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Пікірлер (0)