ДСМ маңызды мәлімдеме жасады: МӘМС-те қандай өзгеріс болады
Фото: BAQ.KZ
Денсаулық сақтау министрлігі маңызды мәлімдеме жасады. Оған сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыссыз және табысы аз азаматтар үшін МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жарналары жергілікті бюджет есебінен төленеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Аида Балаева жаңа жылдан бастап МӘМС қызметінде бірқатар өзгеріс болатынын айтты
Бүгінгі таңда МӘМС жүйесінде 16,8 млн-ға жуық адам сақтандырылған, оның ішінде 12,3 млн адам жеңілдік санатына жатады. Алайда, 3,6 миллион қазақстандық әлі де жүйеден тыс қалып отыр. Министрлік бұл топты екіге бөлді:
- 2,5 млн адам – тұрмыс деңгейі қанағаттанарлық, бірақ жарна төлемей жүргендер;
- 1,1 млн адам – дағдарыстық (Д) және шұғыл (Е) деңгейдегі азаматтар. Бұл санатқа табысы төмен, үш ай бойы зейнетақы жарналары түспеген және базалық қажеттіліктерін әрең өтеп отырған жандар кіреді.
Жаңа заңға сәйкес, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін жарна төлеу міндеті жергілікті атқарушы органдарға жүктелді.
«Жарналар адам медициналық көмекке жүгінген кезде нақты дерек бойынша төленеді. Бұл шара 2026 жылы қосымша 1 миллионға жуық адамды МӘМС-пен қамтуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Медициналық көмек алу үшін ең алдымен тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелу қажет екенін ескертеміз.
Өз мәртебеңізді келесі жолдармен анықтай аласыз:
- msqory.kz – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайты;
- SaqtandyryBot – Telegram-бот;
- Qoldau 24/7, Damumed мобильді қосымшалары немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары.
Пікірлер (0)