Асхат Садырбайдың бұрынғы енесі ел білмейтін шындықты айтты

Жаңалықтар
view 1770
news

Сурет: әлеуметтік желі

Біраз уақыт бұрын тележурналистің бұрынғы жұбайы Айғаным Болатқызы сұхбат беріп, жылдар бойы көрген қорлығын жайып салған еді. Келіншек Асхат Садырбайдың өзіне қысым жасағанын, соттан сотқа сүйрегенін, баласын көрсетпей қойғанын, бірге тұрған кездерінде өзіне қол көтергенін мәлімдеген болатын. Экс-келіншегінің екі сұхбатынан кейін Асхат та үнсіздіктен шаршап, Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, өз шындығын айтқан еді. Онда ол өзіне тағылған айыптарды мойындамай, керісінше бұрынғы келіншегі мен бұрынғы енесінің қылықтарын сөз қылған.

Бұрынғы енесі Асхаттың сол сұхбатынан кейін күйініп кетсе керек, өз шындығын мәлімдеді. Бұл туралы Janabastau.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен – Айғанымның анасымын. Асхаттың сұхбатын көрдім. Оның бір көзі де шындыққа келмейді. Біз екеуінің қосылуына қарсы болғанымыз рас. Асхаттың өткен өміріне байланысты еді. Ата-анаңның алдынан өтейін деп келгенде бірінші рет сол кезде көрдік. Сол кезде “Үлкен қызды ал” деп қай ата-ана айтады? Қыз ауыстырып қоятын зат емес қой. Бұл – Асхаттың құйтырқы әрекеті. Халықтың миымен ойнап отыр. Оның әрекеті адамды ашуландыруға апарады. Асхаттың қаны да, жаны да осылай жаратылған. Ол біз үшін бала. Онымен айтысып, тартыспаймыз. Тіпті сондай жағдай болса да, бәлеге қаласың. Ол өз сөзіңді өзіңе қарсы қолданады. Асхат иман жолында жүрген бала емес пе?! Сұхбатта соның бәрін жиыстырып қойған. Қызымның көзінен ұрмадым дейді. Сонда кім ұрды?! Анаң ба?! Ендеше ұрған адамды сотқа бермедің бе?! Екі күн қызды ұстап, сотталып кетемін деп қорқып отырдың. Осындай жасқа келіп, өтірік өмір сүріп жүрсің», – деп жазды Айғанымның анасы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *