«Атамыз туралы қисынсыз сөз айттым»: Қайрат Әділгерей күйші Құрманғазының кесенесіне барып, кешірім сұрады
Жаңалықтар
70
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Танымал актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей күйші Құрманғазы Сағырбайұлы туралы айтқан орынсыз сөздері үшін қешірім сұраған еді. Енді әзілкеш күйшінің кесенесіне арнайы барып, Құран бағыштаған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ SN.KZ-ке сілтеме жасап.
"Ассалаумағалейкум, құрметті Қазақ елі! Мен арнайы Алматыдан ат терлетіп, Ресейдің Астрахан облысы Алтынжар елдімекеніндегі Құрманғазы бабамыздың басына келдім. Осы ретте бүкіл қазақ жұртшылығынан, қазақ елінен, Құрманғазы атамызды ұрпақтарынан кешірім сұраймын. Осындай атамыз туралы қисынсыз сөз айтқаным үшін. Қазір атамыздың басына келіп, құран бағыштап, мал сойып, зиярат еткелі жатқан жайымыз бар", - деді әзілкеш.
Пікірлер (0)