Атбасарда әлеуметтік нысандар көбейіп, тұрғындардың өмір сапасы артып келеді

Жаңалықтар
view 36
news

Фотосурет: дереккөз

Атбасар ауданында тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы бастамалар туралы брифинг барысында аудан әкімі Кенеш Әлімжанов мәлімдеді.

Соңғы жылдары ауданда халықтың түрлі санаттарына арналған жаңа әлеуметтік нысандар ашылды.

Солардың қатарында егде жастағы азаматтарға арналған Ұзақ өмір сүру орталығы мен балалар мен ересектерге қызмет көрсететін оңалту орталығы бар. Бұл нысандар тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Мәдениет саласында да оң өзгерістер байқалады. Аудан өнерпаздары облыстық байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Сонымен қатар алдағы жылдары жеке инвестор есебінен заманауи кинотеатр салу жоспарланып отыр. Бұл тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және мәдени өмірді жандандыруға мүмкіндік береді.

«Халықтың әл-ауқаты тек экономикалық көрсеткіштермен өлшенбейді. Әлеуметтік қолдау, мәдениет пен спорттың дамуы да тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар біздің басты назарымызда болады», – деді Кенеш Әлімжанов. 

Бүгінде ауданда жаңа спорт кешенін салу жобасы әзірленіп жатыр. Сонымен қатар қаланы абаттандыру, көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жұмыстары жалғасуда. Мұның барлығы Атбасарды тұрғындар үшін жайлы әрі тартымды мекенге айналдыруға бағытталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *